Референдум: дауыс беру белсенділігі қай өңірде төмен
Орталық сайлау комиссиясы 15 наурыз, сағат 10:00-дегі референдумге қатысу көрсеткіші бойынша есеп берді, деп хабарлайды Masa media.
ОСК мәліметінше, дауыс беру басталғалы бері үш сағат ішінде ең жақсы белсенділік көрсеткен Қарағанды, Қызылорда, Ақтөбе облыстары және Шымкент қаласы. Ал дауыс беру жағынан ең төмен көрсеткіш Алматы қаласында.
Қала әкімі не дейді?
Назарбаев интеллектуалды мектебіне келіп дауыс берген қала әкімі Дархан Сатыбалдыдан журналистер алматылықтардың белсенділігі неге төмен екенін сұрады.
«Үгіт-насихат жүргізілді… Дегенмен, уақыт көрсетеді. Кешке дейін күтейік қанша болатынын», – деді қала әкімі.
Белсенді өңірлер
ОСК мәліметінше, Қарағанды облысы (26,64%), Қызылорда облысы (24,02%) дауыс беру бойынша көш бастап тұр. Түркістан, Жетісу облыстары және Шымкент қаласы да алда келеді (21%-дан).
Астана қаласында дауыс беру көрсеткіші – 20,68%. Ал Алматыда – 9,54%.
фото: ЖИ/masa.media
10:27
65
0
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Нет комментариев.